ТАҒЫ ДА ТҮН... (Авторы өзім) Тағы да түн, Жалғыздық құрсауында Терезем тарсылдайды, Бұл жауын ба..??? Шатастырып, ойымнан адастырып, Қайран түн ұйкымды ұрлауың ба??? Тағы да түн, Бiлемiн сағынасың, Сағынасың, оданда жалығасың... Мен алыста болған сон амал қанша, Жүрек сыздап, Сезiм мұздап Сен өзгенiң қасынан табыласын... Мейлi жаным, Сен мендiк болмасаң да, Ризамын сендей жанның барына шын... Пешенеге бiр болу жазылмаса Бағынасың, осылай багынасың... Тағы да түн, Уйқысызбын, Бұл неткен таусылмас түн, Теңіз едім, ойлап ем таусылмаспын... Бұл күнi жүрек жарым, Ал сырт көзге, Ешкiмге иiлмейтiн алтын баспын. Тағы да түн, Сəт келдi жабығатын, Қуаныштың есiгi жабылатын. Армандар сан тараптан төгiлетiн Күрсiну көмейiңнен табылатын. Ойлаймын, түсiмде де жиi көрем Мұңымды болса егер жан ұғатын.... Егер де адам емес, бомба болсам, Алыс емес күнiм де жарылатын. Кете бер, мендей жан тапсаң егер, Шын сүйiп, сағыныштан сарылатын... Тағы да түн, Сезіммен арпалысып, жаңылатын, Сағыныштан сақина тағынатын...

Теги других блогов: поэзия жалғыздық тағы да түн